Сапа саясаты

«СкинестРейл Казахстан»  ЖШС мақсаты – тек қазақстандық   емес, сондай-ақ шетелдік нарықта да  бәсекеге қабілетті,  ең жоғары  талаптарға сай келетін,  көш бастайтын қоғам болып қалыптасу. 

  «СкинестРейл Казахстан» ЖШС міндеті – қоғамның қызметін клиенттерге  және олардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға бағыттау, сондай ақ біздің қызметтеріміз және тауарларымыз  сатып алушылардың   қажеттіліктерін қанағаттандыру  үшін, ал біз осыдан сату көлемін ұлғайтуға  және   компания табысын  арттыруға бізге мүмкіншілік беретін кері байланыс   алуымыз  үшін,   барлығын жасау.    Біз өз қызметкерлерімізге жақсы еңбек жағдайын жасауға,  оларға   тұрақты табыс пен Қазақстан Республикасы  заңнамасымен қарастырылған  барлық әлеуметтік  шарттарға   кепілдік беруге   тырысамыз.  

Өз  клиенттеріміздің қажеттіліктерін ескере отырып,   біз өз  клиенттеріміз үшін жағымды  бағасы   және сапасы бар қызметтер ұсынуға   талаптанамыз. Өзіміздің жоғары білікті мамандарымыздың жұмыстарын    ынталандырумен,   жаңа технологияларды енгізумен,      қоғам қызметін жүйелі түрде   дамытып, біз  алдымызда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге   үміттенеміз:    

  • «Скинест Рейл Казахстан» ЖШС  басшылығы  сапа саясаты  қоғам мақсатына сай келетіндігіне   кепіл береді;   
  • Қоғам темір жол  көлігі үшін  және темір жолдарының үстінгі бет құрылысы үшін  арналган қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етеді,  халықаралық сапа стандартына сәйкес   темір жол қатынас  жолдарының құрылысы мен  жөндеу жұмыстарын орындайды  және тұрақты түрде   сапа менеджменті нәтижесін  жақсартады;   
  • Сапа саласындағы мақсаттар  жыл сайын  белгіленеді және  бағалау талдауын  өткізу барысында  басшылықпен қайта қарастырылады ;
  • Сапа саясаты – қоғамдық қол жетімді құжат. Жоғарғы басшылық   оны   өз қызметкерлеріне   уақтылы   түсіндіруге және   қызметкерлер  ұсыныстарын ескере отырып, оған өзгертулер енгізуге міндеттенеді;  
  • Біз  жүйелі түрде   клиенттер қажеттіліктері жөнінде ақпараттарды   іріктеп алып,  жаңа технологияларды қолдана отырып қызметтерімізге және тауарларымызға жаңа ұсыныстарды ұсынамыз;
  • Біз  бағаның, сапаның  және  дер кезіндегі жеткізілімнің   оңтайлы   ара қатынасын  қамтамасыз етеміз;  
  • Біз қосалқы бөлшектер мен материалдардың өндірушілерімен жақсы әріптестік қарым-қатынасты сақтап отырамыз. Клиентке сапалы тауар мен қызметтер ұсыну үшін,  біз тұрақты түрде жаңа жабдықтаушыларды  іздеу үстінде боламыз;  
  • Біздің темір жол құрылысы және жөндеу бөлімінің қызметкерлері   құрылыс және жөндеу жұмыстарын сапалы  түрде және дер кезінде орындайды, ал білікті мамандар  тапсырыс берушілерге ғана емес, сонымен қатар мердігерлерге де  кеңес береді;     
  • Біз жаңалықтарды жүйелі түрде іздейміз және  оларды нарыққа ұсынамыз. Бұл жаңалықтар  біздің клиенттерімізге  өнімділікке және сапаға  үлкен кепілдіктер  беретініне біз сенімдіміз;  Біздің қызметкерлеріміз – бұл сапаны қамтамасыз етудің басты факторы.  Кәсіпорын  оларды жетілдіру,  кәсіби білімдерін   тереңдету және   біліктілігін жоғарылату жөнінде үлкен мән береді.    

Жұмыс беруші және қызметкерлер өздерінің құқықтары мен міндеттемелерін орындау кезінде   Қазақстан Республикасы заңнамасын,  ішкі еңбек тәртібі ережесін,  парсаттылық, әділдік және адалдық принциптерін  сақтаулары  тиіс.    

Біздің қызметіміз:
Жүк таситын және  тартқыш жылжымалы құрамды сату және  жалға беру;
Жүк таситын және  тартқыш жылжымалы құрам  үшін  қосалқы бөлшектер;
Жүк таситын және  тартқыш жылжымалы құрамды жөндеу;
Темір жол  инфрақұрылымы үшін материалдар;
Темір жол  жолдарын салу және  жөндеу;
Басқа қызметтер. 

Серіктестер
Peržiūrai būtinas Flash Player 9